
Электр қуаты — күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Алайда оның пайдасымен қатар, үлкен қауіптері де бар. Қысқа тұйықталу, кернеудің ауытқуы мен секіруі тұрмыстық техниканың бұзылуына, сымдардың тұтануына және тіпті адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Мұндай қауіптердің жиі кездесетін себептері мыналар:
* тозған немесе сапасыз оқшаулау,
* желінің шамадан тыс жүктемесі,
* әлсіз сымдарға қуатты электр құрылғыларын қосу,
* және әсіресе — босап қалған байланыс түйіндері.
Уақыт өте келе дірілдің, температура айырмашылығының және табиғи тозудың әсерінен байланыстардың беріктігі әлсірейді. Бос байланыс — көзге көрінбейтін, бірақ өте қауіпті мәселе. Сондықтан тарату қораптарында, есептегіштерде, қалқаншада және розеткаларда байланыстарды үнемі тексеріп, тарту жұмыстарын жүргізу өте маңызды.
Зауыттардың төлқұжаттарына сәйкес, электр есептегіштерінде, автоматты өшіргіштерде және қорғау ажыратқыш құрылғыларында (УЗО) байланыстарды жылына кемінде екі рет тарту ұсынылады.
Сондай-ақ УЗО орнату қатаң түрде ұсынылады — ол токтың ағуын анықтаған кезде электр қуатын автоматты түрде өшіреді. Бұл адамды тоқ соғуынан қорғайды және оқшаулау зақымдалған жағдайда өрттің алдын алады.
Кернеудің тұрақсыздығынан техниканы қорғау үшін кернеуді бақылау релесі таптырмас құрал. Ол кернеудің қауіпті ауытқуы кезінде электр беруін автоматты түрде өшіріп, қымбат электрониканың істен шығуына жол бермейді.
Осы шараларды елемеу мынадай салдарға әкелуі мүмкін:
* электр қуатының кенеттен өшуі;
* шамдардың күйіп кетуі және құрылғылардың бұзылуы;
* қысқа тұйықталу;
* сымдардың тұтануы;
* электр тогының соғуы.
Егер сізде қажетті білім мен тәжірибе болмаса, қауіпке бас тікпеңіз — бұл істі мамандарға сеніп тапсырыңыз.
“ЭПК Forfait” ЖШС-нің білікті қызметкерлері диагностика жүргізіп, байланыстарды тартып, әлсіз тұстарды анықтап, электр желісін қауіпсіз пайдалану бойынша кеңес береді.
Бұл жай ғана техникалық қызмет көрсету емес —
бұл сіздің отбасыңыздың қауіпсіздігіне және үйіңіздің сақталуына жасалған инвестиция.
Байланыс телефоны: 93-11-29